Егемен елдің табысқа толы кезеңі
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы
бүгін
Денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру
 
бұрын

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан отандық медицинаны дамытуға ерекше ден қойып, әлемнің дамыған елдерінің медицинасымен тығыз байланыс орнатылды. Нәтижесінде қазақстандықтар үшін жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділік артты. 16 республикалық ғылыми-практикалық орталық ашылды. Тәуелсіз Қазақстан – медициналық қызметтерді экспорттаушы елге айналып, шетелдік емделушілер саны жыл санап артып келеді.